Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде республикалық референдум қорытындысына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шарада өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, маңызды науқанда жоғары жауапкершілік танытқан азаматтар марапатталды. Жиын барысында аймақ тұрғындарының бірлігі мен азаматтық ұстанымы ерекше атап өтілді.
Облыс әкімдігінде өткен жиында референдум нәтижелеріне үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді. Белсенділік танытқан тұрғындардың еңбегі ерекше атап өтілді. Марапаттау рәсімі – өңір халқының ортақ іске қосқан үлесінің айқын дәлелі. Бұл қадам азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетеді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Құрметке бөленгендердің қатарында «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі Жанат Мұхамеджанов та бар. Ол ел дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. (634 кадр)
ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, “СЕНІМЕН БОЛАШАҚ” РҚБ СҚОФ ЖЕТЕКШІСІ
Референдум қорытындысы – ел бірлігі мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі болды. Бұл бастама қоғамның дамуына серпін беріп, әрбір қазақстандықтың ортақ болашаққа қосқан үлесін тағы бір мәрте айқындады.