Наурызнама онкүндігі аясында өңірде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – Жаңару күніне орай өткен флешмоб. Ерекше көрініс қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Петропавл қаласындағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде Жаңару күніне орай флешмоб өтті. Іс-шараны «Ассамблея жастары» өңірлік өкілдігі мен «Қуанамын» халықтық би студиясы бірлесіп ұйымдастырды. 30-дан астам қатысушы ұлттық нақыштағы би орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
СНХР: ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ СҚО ӨКІЛДІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Би қойылымынан кейін ұйымдастырушылар көпшілікке бауырсақ таратып, ұлттық дәстүрді дәріптеді. Мұндай іс-шаралар Наурыз мейрамының мәнін арттырып, тұрғындардың бірлігін нығайтуға бағытталған.