Петропавлда пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Цифрлық жүйе өз тиімділігін көрсетті, енді бұл инновациялық әдіс бүкіл Қазақстан бойынша енгізілуі мүмкін. «Snowapp» аппараттық-бағдарламалық кешені нақты уақыт режимінде қар шығару жұмыстарын бақылауға мүмкіндік береді.
Жүйе бейнебақылауды жасанды интеллект элементтерімен біріктіреді, қар тазалау техникасының жұмысын GPS арқылы қадағалайды және қардың полигондарға нақты шығарылуын тіркейді. Нәтижесінде қалалық қызметтер қағаз жүзіндегі есепті емес, шынайы көріністі алады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді. Полигон маңындағы камералар көліктің нөмірін және кузовтағы жүктің құрамын тіркейді. Жасанды интеллект қандай жүк тиелгенін және жеткізілген қар көлемін анықтайды. Қыс мезгілі ішінде цифрлық жүйе мемлекеттік органдарға қажетті сараптаманы ұсынып, өз артықшылығын дәлелдеп үлгерді.
ДАНИЯР МЕЛДЕБЕКОВ - «SNOWAPP» АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНІН ӘЗІРЛЕУШІ