Петропавлда жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар күшейтілуде. Республикалық «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында қала колледждерінде «Жастар сағаты» кездесулері ұйымдастырылып жатыр.
Кездесу Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінде өтті. Іс-шараға 100-ге жуық бірінші және екінші курс студенттері, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, Жастар ресурстық орталығы, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы, ювеналдық полиция бөлімі, облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері қатысты. Мамандар жастарға интернет-алаяқтықтың кең тараған түрлері мен қауіптері туралы түсіндірді.
СНХР: АЙСҰЛУ БЕКІМОВА ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МАМАНЫ
Кездесу барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері нақты мысалдар келтіріп, интернет арқылы жасалатын алаяқтық схемаларды түсіндірді. Студенттер мамандарға өз сұрақтарын тікелей қойып, интернет-алаяқтықтан қорғану жолдарын, құқықтық тәртіп мәселелерін және денсаулықты сақтау тақырыптарын талқылай алды. Мұндай формат жастарға сенімді ақпарат алып, жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты практикалық кеңестер алуға мүмкіндік береді.
СНХР: МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ - КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Мамандардың айтуынша, мұндай әрекеттердің барлығы қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Сондықтан жастарға сақ болу және күмәнді ұсыныстардан бас тарту ұсынылады.
СНХР: ДИНАРА МҰҚАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЮВЕНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Мұндай кездесулер барлық оқу орындарында жалғасады. Негізгі мақсат – жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды алаяқтық пен құқықбұзушылықтан қорғау.