Мереке күндері өңірде жедел жағдай тұрақты болды. Полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқарды. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге көмектесіп, көпшілік арасында адасып қалған балаларды ата-аналарына қайтарды.

21–25 наурыз аралығында өңірде жедел ахуал тұрақты болды. «Челябі — Новосібір» автожолында «Renault Duster» көлігінің жүргізушісіне полиция көмегі қажет болды. Ол шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамды тасымалдап бара жатқан. Тәртіп сақшылары оны облыстық ауруханаға дейін алып жүрді. Ал «Жезқазған — Петропавл» автожолында полицейлер дөңгелегі сынған жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті.

Полицейлер жаппай мерекелік іс-шаралар өтетін орындардағы қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлді. Мұнда патрульдік полицейлер, учаскелік инспекторлар және басқа да бөлім қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Мыңдаған адам Петропавлда Наурыз мейрамын тыныш қарсы алды. Қоғамдық тәртіп бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

Ең күрделі жағдайлар балалардың көпшілік арасында адасып қалуымен байланысты болды. Полицейлер оларды жедел тауып, ата-аналарына тапсырды. Жедел басқару орталығының мәліметінше, 22 наурыз күні полиция нарядтары мұндай 7 дерек бойынша әрекет етті. Сол күні Былғары зауыты ауданында серуенге шығып, жоғалып кеткен 3-сынып оқушысы туралы хабар түсті. Тәртіп сақшылары ойнап жүріп адасқан қызды тауып, анасына қайтарды.

Ең жиі — 49 рет — қала тұрғындары полицияға отбасылық жанжалдар бойынша жүгінген. Тағы 21 өтініш түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілеріне қатысты болды. Сонымен қатар, полицейлер қоғамдық орындарда мас күйде пайда болудың 12 дерегін тоқтатты.