Айыртау ауданында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Су басу қаупінің алдын алу мақсатында жергілікті билік барлық бағыт бойынша кешенді қорғаныс іс- шараларын күшейтіп, қажетті жұмыстарды жүйелі түрде қолға алған.
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында су тасқынының алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Негізгі бағыттардың бірі – өзендердегі мұз кептелістерін жою жұмыстары. Осы мақсатта елді мекендерді су басу қаупін азайту үшін аудан әкімдігі мұз жару жұмыстарын ұйымдастырды.
СНХ: ЕСМАҒЗАМ СЕЙТЖАН, АЙЫРТАУ АУДАНЫ ТЖ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Сонымен қатар, ауданның барлық елді мекендерінде су тасқынының алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Арықтар тазаланып, автожолдар бойындағы су өткізу құбырлары ретке келтіріліп, ашылуда. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен кәсіпкерлердің қолдауымен қосымша су өткізу жүйелері орнатылып, еріген судың еркін ағуына мүмкіндік жасалып жатыр.
СНХР: БАҚЫТЖАН ЖАНТІЛЕУОВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жедел әрекет ету үшін арнайы техника тартылып, қажетті жұмыстар ұйымдастырылған. Экскаваторлар су басу қаупі жоғары учаскелерде жұмыс істеп жатыр. Мамандардың пікірінше, қабылданған бұл шаралар су тасқыны қаупін төмендетіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.