СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Аққайың ауданына барып, бірқатар әлеуметтік және спорттық нысандардың жұмысымен танысты. Сапар «Жаңару күніне» орайластырылып, аудандағы жаңашыл бастамалар мен инфрақұрылымның жаңғыруын көрсетуге бағытталды.

Өңір басшысы ең алдымен Akkaiyn Creative & IT Center орталығына барды. Әкімнің сапарды дәл осы нысаннан бастауы бекер емес. Өйткені бүгін Жаңару күні, ал IT саласының дамуы, цифрландыру қазіргі Қазақстанды жаңғыртудың басым бағыттарының бірі. Мұнда оқушылар мен жас мамандар робототехника, бағдарламалау және графикалық дизайн секілді бағыттар бойынша өздерінің идеяларын шыңдайды. Жаңару күнінің мәнімен үндесетін бұл орталық жастардың жаңа мүмкіндіктерге қадам басуының символы.

СНХ: ДАРЬЯ КАЛИНА, AKKAIYN CREATIVE & IT CENTER ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Орталық тоғыз түрлі бағыттағы аймақтармен жабдықталған. Ең көп сұранысқа ие IT-сынып пен зертханалық аймақ. Бұл жерде жастар виртуалды шындық, робототехника, 3D модельдеу, дронмен жұмыс бағыттары бойынша білім алады. Қазір жасөспірімдер арасында робототехникаға деген сұраныс артқан. Бибарыссұлтан Балтабеков № 3-ші Смирнов орта мектебінің 9-шы сынып оқушысы. Робототехникадан облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпазы.

Снх: БИБАРЫССҰЛТАН БАЛТАБЕКОВ, ОҚУШЫ:

Сапар орталық саябақтағы Наурызнама аясында ұйымдастырылған Жаңару күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысумен жалғасты. Бұл табиғаттың жаңаруы мен қоғамдағы оң өзгерістерді үйлестіретін күн. Өңір басшысы аудан тұрғындарының ұлттық құндылықтарды дәріптеуге белсенді қатысуын атап өтті. Сондай-ақ Ғауез Торсанұлы жиналған жұртты Наурызнама аясында «Жаңару күнімен» құттықтап, Аққайың ауданы тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Снх: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:

Одан кейін әкім «Batyr» мұз айдынына барды. Заманауи жабдықталған спорт алаңы ауыл жастарының белсенді өмір салтын қалыптастыруына жол ашады. Іс-шара барысында спортшыларға 11 хоккей формасы табысталды. Бұл да спорт инфрақұрылымының жаңғыруы мен ауылдағы спортқа қызығушылықтың артуының көрінісі.

Снх: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:

Айта кетейік, аққайың ауданының 42 пайызы спортпен кәсіби түрде шұғылданады. Жаңа мұз айдынының ашылуы сортшылар үшін үлкен мүмкіндік. Нысанның құрылысы 2025 жылы басталған болатын. Жоба құны 374,4 млн теңге. Нысан 38 адамға шақталған.

Облыс әкімі барған соңғы нысан Полтавка орта мектебі. Қазіргі таңда білім ордасында 100-ден астам оқушы білім алады. 25 мұғалім еңбек етеді. Айта кетейік, жергілікті «Полтавское» серіктестігінің бастамасымен ауыл мектебінде «Жас ғалым» атты инновациялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Білім беру кабинеттері жаңартылып, оқушыларға тәжірибелік білім алуға арналған жаңа жабдықтар орнатылған. Жобаның басты мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту.

Мейрам Бектеміров Петропавл қаласынан отбасымен бірге Полтавка ауылына көшіп келген. Бұған дейін Шаховское орта мектебінің директоры болып жұмыс істеген. Ол мұнда «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында келгенін айтады. «Полтавка» ЖШС оған жаңа үй бөліп, барлық қажетті жағдаймен толық қамтамасыз еткен. Қазір Полтавка орта мектебі директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары.

Снх: МЕЙРАМ БЕКТЕМІРОВ, ПОЛТАВКА ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БЕЙІНДІК ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Полтавка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Дильназ жасанды интеллект арқылы жоба әзірлеген. Бұл жобаны 2025 жылы қолға алып бастаған.

Снх: ДІЛНАЗ АЙҒОЖИНА, ПОЛТАВКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ

Аққайың ауданында білім беру, спорт және мәдениет салалары дамып келеді. Мектептерде жаңа технологиялар енгізіліп, балалар мен жастардың қабілеттері жаңа қырынан ашылып жатыр. Аудан тұрақты дамып, жаңа мүмкіндіктерге қадам басуда.