Наурызнама аясында Петропавл қаласының орталық алаңында «Экомаркет» экологиялық акциясы өтті. Аталған іс-шараны қоғамдық даму және ақпарат орталығының қызметкерлері ұйымдастырды. Акция аясында қала тұрғындары үшін қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын еске салу мақсатында қалдықтарды бөлек жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылды.
Мұндай акциялар өңірде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биылдың өзінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірқатар іс-шаралар мен сенбіліктер ұйымдастырылып, жалғыз тұратын зейнеткерлерге қолдау көрсетілді. Жыл өткен сайын қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамай, өз үлесін қосуға ниетті жандардың қатары артып келеді.
СНХР: МҰСА ӘУБӘКІРОВ, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Акцияға кез келген адам қатысуға мүмкідік алды: стендке келіп, қоқысты тиісті контейнерге тастау жеткілікті болды. Сондай-ақ, табиғатқа жанашырлық танытқан әрбір қатысушыға тәтті сыйлық табысталды.
Қалдықтарды қайта өңдеу - оларды арнайы жәшіктерге бөліп жинаудан басталады. Одан кейін қоқыстар сұрыпталып, тазартылып, түрлері бойынша өңделеді: пластик пен шыны балқытылады, қағаз жаңартылады. Бұл қалдықтар көлемін азайтып, қоршаған ортаға келетін зиянды төмендетуге мүмкіндік береді.