Қызылжар ауданы Бескөл ауылында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Аталған іс- шарада ауданға қарасты елді мекендерден келген шаруалар мен кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынып, жергілікті халыққа сапалы әрі қолжетімді азық-түлік алуға мүмкіндік берді.

Жәрмеңке таңертең ерте басталып, күннің алғашқы сағаттарынан-ақ келушілердің қарасы көбейді. Сауда алаңында жаңа сойылған ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ бал, ұн өнімдері және үй жағдайында дайындалған түрлі тағамдар сатылды.

СНХ: ҚАНАТ ДАРБАЕВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Іс-шара барысында санитарлық талаптар мен қауіпсіздік ережелері толық сақталды. Арнайы мамандар жәрмеңкеге қойылған өнімдердің сапасын тексеріп, сауда-саттықтың белгіленген талаптарға сай өтуін бақылап отырды.

СНХ: ГҮЛШАРАТ БӨЛТЕНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ

Жәрмеңкеге келушілердің көңіл-күйін көтеру мақсатында орталық алаңда концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Айта кетейік, кезекті бұл іс шара Ораза айт және Наурыз мерекесіне орай өткізілді.