Спорттық іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының 18 жасқа дейінгі 45 спортшысы қатысты. Олар 3 жас ерекшелік санаты бойынша бақ сынады. Аталған жарыс дәстүрлі түрде өңірдегі қыз балалардың шахматқа деген қызығушылығын арттырып, дарынды оқушыларды қолдауға мүмкіндік беріп келеді. Турнирге қатысушылар сертификатпен, ал жүлдегерлер ақшалай сыйлықпен марапатталды.
СНХР: АНВАР СӘБИТҰЛЫ – БАС ТӨРЕШІ