Наурыз мейрамы қарсаңында өңірде мерекелік іс-шаралар легі жалғасуда. Солардың бірі – «Динамо» спорт кешенінде волейболдан өткен кездесу. Спорттық іс-шараның ерекшелігі бұл жолы №52 қоныс колониясында жазасын өтеп жатқандар мен мекеме қызметкерлері арасында өтті. Мұндай турнир Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 

Турнир арнайы Наурыз мерекесіне орай өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеп жатқан азаматтар арасындағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайтуға бағытталған.

СНХР: ЗАРИНА БАЙҚАДАМОВА, ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Жарысқа екі команда қатысты. Олардың бірі №52 қоныс колониясында жазасын өтеушілерден құралған команда болса, екіншісі – мекеме қызметкерлері. Қатысушылар ойын барысында ұйымшылдық танытып, жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті.

СНХР: ЭЛЬДАР ҚОҚАБАЕВ, жазасын өтеуші

Айта кетейік, мұндай форматтағы спорттық іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта оны дәстүрлі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз команда марапатталып, үздік ойын көрсеткен қатысушыларға арнайы грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды.