Ювеналды полиция қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында акция ұйымдастырды. Іс-шара барысында қала тұрғындары мен ата-аналарға арнайы буклеттер таратылып, кешкі және түнгі уақытта тыныштық сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау талаптары түсіндірілді.
Көктемгі демалыс және Наурыз айындағы мереке күндері қарсаңында өткізілген іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін түсіндіру.
СНХР: ЖАНАТ МҰСТАФИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ
Сонымен қатар ата-аналарға көктемгі демалыс кезінде балалардың кешкі уақытта үйде болуы, түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз сыртта жүрмеуі керектігі ескертілді.
СНХР: ӘБІЛҚАЙЫР ҚАЙДАР, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Мамандар мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.