Солтүстік Қазақстанның жедел қызметкерлері екі ірі есірткі зертханасын әшкереледі.
ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері шекара қызметімен бірлесіп «Жаңа жол» бекетінде ел аумағына прекурсорларды контрабандалық жолмен жеткізудің ірі арнасын анықтады. Олар Қазақстанға тұрмыстық химия ретінде жасырылып әкелінген.
СНХР: АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ — СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Жеткізу тізбегін анықтау нәтижесінде полицейлер Ақмола және Алматы облыстарында орналасқан екі есірткі зертханасын жойды. Есірткі өндіруге қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. 3 тонна прекурсор және айналымға шығаруға дайын шамамен 200 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.
СНХР: Асқар Мұхаметқалиев — СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары
Тәркіленген заттардың нарықтық құны шамамен 5 миллиард теңгені құрайды. Нәтижесінде 600 мыңнан астам бір реттік «синтетика» дозасы заңсыз айналымға түспеді. Қылмыстық тізбек жеткізушілерден бастап ұйымдастырушыларға дейін толық жойылды. Күдіктілерге өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасуда.