Петропавл қаласындағы «Алагеум» зауыты – еліміздегі ірі электротехникалық кәсіпорындардың бірі. Ол Alageum Electric қазақстандық холдингінің құрамына кіреді. Зауыттың іске қосылуы өңірдің индустриялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Ал «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында орналасуы кәсіпорынға даму мен жаңғырту үшін қолайлы жағдай жасап отыр.

Бүгінде кәсіпорын электр энергиясын беру және таратуға арналған трансформаторлар мен түрлі жабдықтар шығарады. Жылдық өндіріс көлемі 7 мың данаға дейін жетеді.

СНХР: ТАЛҒАТ ЯКУПОВ, ПЕТРОПАВЛ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

Зауыттың басты ерекшелігі – қажетті мамандарды өзі даярлайды. Қазіргі таңда мұнда 200-ге жуық адам еңбек етеді. Орташа жалақы мөлшері 450–500 мың теңге шамасында. Қызметкерлердің 50 пайызы – еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударған азаматтар. Жұмысшылар үшін түрлі әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Соның бірі – баспанамен қамтамасыз ету. Бауржан Жұмабеков үшін бұл жұмысқа орналасуда шешуші фактор болған.

СНХР: БАУЫРЖАН ЖҰМАБЕКОВ, ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

Кәсіпорын өнімдері ішкі нарықпен қатар экспортқа да бағытталған. Негізгі серіктестер – ТМД елдері. Биыл зауыт өндіріс көлемін 8 мың данаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ құрғақ трансформаторлар өндірісін іске қосу мақсаты қойылған.