Облыс орталығының тазалығы мен санитарлық жағдайына жауапты мекемелердің бірі «Коммунхоз Петропавловск» серіктестігі. Ірге тасы 2013 жылы қаланған кәсіпорынның міндеті қала көшелері мен қоғамдық орындардың тазалығы, саябақтарды күтіп-ұстау және абаттандыру болып табылады. Ал ол жұмыстармен жыл 12 ай аталмыш шаруашылықта еңбек етіп 400 ге жуық адам айналысады. Оларға ауа — райы кедергі емес. Үскірік аяз, бораған қар, нөсерлі жаңбыр мен жаздың аптап ыстығын да да олар қала тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған өздерінің негізгі жұмыстарын бір тоқтатпайды. Тазалық сақшылары сапындағы еңбеккерлердің бірі Қорған Сыздықов. Оның аталмыш кәсіпорында еңбек етіп жатқанына биыл 7 жыл.

Аталмыш мекемедегі 400 ге жуық жұмысшылардың дені бұл кәсіпорында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Қара жұмыс болғанымен еңбеккерлердің 25 пайызға жуығын нәзік жандар құрайды. Тату ұжым, тұтас бір отбасы іспеттес. Сондықтан болар оңай жұмысты мен істейін, ауырын сен ал деп бөліну жоқ араларында.

Мұхит Молдахметұлы – «Коммунхоз Петропавловск» ЖШС бөлім бастығы 

Қорған Сыздықов – «Коммунхоз Петьропавловск» ЖШС жұмысшысы

Әскерден енді келген өрімдей жігіт қатарластары үйленіп, отбасылы бола бастаған шақта Қорған ағамыз да өзінің өмірлік жарын кездестіріп, шаңырақ көтереді. Артынша жас отбасы Қызылжар ауданындағы Новоникольскіге қоныс аударып, ондағы шаруашылықтардың бірінде малшы болып жұмыс істейді. Бала-шаға өсіп олар қалаға орныққан шақта Қорған ағамыз жолдасымен ақылдасып, қалаға жақынауды ұйғарған. Осылайша олар 2019 жылы Бескөлге көшіп, үй-жайын ретке келтірісімен маусымдық емес тұрақты жалақысы бар жұмыс іздеуге кіріседі. Көп ұзамай облыс орталығындағы «Коммунхоз Петропавловск» серіктестігіне жұмысқа орналасады.

Қорған Сыздықов–«Коммунхоз Петропавловск» ЖШС жұмысшысы 

Жаз мезгілінде көше бойы көздің жауын алар хош иіс аңқыған шағын гүлзарлар мен шағын саябақтар саны жыл санап артып келеді. Оларды күтіп-ұстау мен ондағы санитарлық жағдайдың сақталуына Қорған Қайырұлы секілді қарапайым еңбек адамдары жауапты. Жыл 12 ай ашық аспан астында еңбек ететін бұл жандарды нағыз патриот деуге болады. Алайда олардың еңбегін көп жағдайда бағалай бермейміз.

Қорған Сыздықов – «Коммунхоз Петропавловск» ЖШС жұмысшысы 

Күн санап жаңа кейіпке енген қаламыздың дамуына Қорған Қайырұлының да қосып келе үлесі аз емес. Осы кәсіпорында еңбек еткен 7 жыл ішінде кейіпкеріміз өзін тек жақсы қырынан таныта білген.

Мұхит Молдахметұлы – «Коммунхоз Петропавловск» ЖШС бөлім бастығы

Қала келбетін әрлендіріп, тазалықты қамтамасыз етуде коммуналдық қызмет саласында еңбек етіп жүрген мына қарапайым жандардың үлестері өлшеусіз. Олардың жұмысына әрдайым құрметпен қарайық.