Елімізде жаңа технологияларды дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Жаңа Конституция жобасында да ғылыми-техникалық прогреске, цифрландыру мен инновациялық дамуға жағдай жасау мәселесіне назар аударылған. Себебі бүгінгі таңда жасанды интеллект – қоғамның дамуына серпін беретін маңызды құралдардың бірі.

Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясының мамандары да жасанды интеллекттің білім беру саласындағы рөліне тоқталды. Олардың пікірінше, жаңа технологиялар жастардың білім алу мүмкіндігін кеңейтіп, ақпаратты тез әрі тиімді меңгеруіне көмектеседі. Бүгінде жасанды интеллект ғылымда, білімде және күнделікті өмірде кеңінен қолданылып келеді. Сондықтан болашақтың кілті – білімді, заманауи технологияларды жетік меңгерген жастардың қолында:

ДАРИҒА ЫСҚАҚОВА, КІШКЕНЕКӨЛ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

ЖҰПАРГҮЛ АХМЕДЬЯНОВА, КІШКЕНЕКӨЛ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ