Елімізде 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысаны салынып, пайдалануға берілді. Жобаларды іске асыруға шамамен 119 миллиард теңге жұмсалған. 228 елдімекенде мекемелер жаңадан салынса, 427 нысан ескірген немесе апатты ғимараттардың орнына салынды. Нәтижесінде бір миллионнан астам адам сапалы медициналық қызметке қол жеткізді. Жаңа нысандар қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп жатыр. Сонымен қатар ауылдық жерлерге білікті медицина мамандары да тартыла бастады.

АЛТЫНАЙ АЛТЕНОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ