Петропавлда футбол маусымы басталды. Қазақстан чемпионатының алғашқы турында жергілікті «Qyzyljar» клубы ақтаулық «Каспий» командасымен ойын өткізді. Бұл — командалар үшін жаңа маусымдағы алғашқы матч. Қарасай стадионында өткен кездесуді тамашалауға көптеген жанкүйер жиналды.