Қазақстанның жаңа Конституция жобасында азаматтық мәселеге қатысты нормалар қарастырылған. Атап айтқанда, қос және көп азаматтыққа жол берілмейді.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан азаматы қос немесе бірнеше азаматтыққа ие бола алмайды. Егер адамнан басқа мемлекеттің төлқұжаты анықталса, бұл Қазақстан Республикасының азаматтығын заңда белгіленген тәртіппен тоқтатуға негіз болады. Мұндай норма бірыңғай азаматтық қағидатын бекітіп, осы саладағы реттеуді нақтылай түседі.
СНХР: ҚАЙРАТ ДАЛАБАЕВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ ПБ ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ