Бастамаларды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және ертеңгі күнге деген сенім. Бұл тақырыптар бүгінде жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдум қарсаңында көптеген қазақстандықтарды толғандырып отыр.


Диана Қошанова Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылында гүл дүкенін ашқан. Оның шығармашылыққа және гүлге деген сүйіспеншілігі бала кезінен қалыптасқан. Флористика бойынша кезекті шеберлік сабағынан кейін ол хоббиін өз ісіне айналдыруды шешкен. Сонымен қатар, ол аудандық мәдениет үйінде хореограф болып жұмыс істейді.


СНХР: ДИАНА ҚОШАНОВА – КӘСІПКЕР, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ


Диананың айтуынша, бүгінде елде әртүрлі бағытта дамуға, өз қабілеттерін ашуға және жаңа мүмкіндіктерді сынап көруге жағдай бар. Оның пікірінше, жаңа Конституция жобасында дәл осындай мүмкіндіктер мен елдің болашағы туралы айтылған.


СНХР: ДИАНА ҚОШАНОВА – КӘСІПКЕР, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ


Айта кетейік, 15 наурызда Негізгі заңның жаңа жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумде әр азамат бекітілген сайлау учаскелерінде азаматтық ұстанымын білдіріп, өз таңдауын жасай алады.