Жаңа құжатта кәсіпкерлік қызметті еркін жүргізу құқығы мен жеке меншікті қорғау бекітілген. Сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін неғұрлым ашық әрі түсінікті құқықтық орта қалыптастыру уәде етіледі. Сарапшылардың айтуынша, бұл - шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған маңызды қадам.


Сондай-ақ жоба әділетсіз бәсекелестіктен қорғауды және монополияларды шектеуді қарастырады. Бұл нарықтағы барлық кәсіпкерлер үшін тең әрі әділ жағдай жасауға көмектесуі тиіс. Бұдан бөлек, құжатта елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсаты да көрсетілген. Бұл бизнестің Қазақстанның болашағында стратегиялық маңызды рөл атқаратынын білдіреді.


НАТАЛЬЯ КВАСОВА, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ ТӨРАҒАСЫ