Солтүстік Қазақстан облысында мерекелік демалыс күндері полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқарды. 8 наурыз күні түнгі уақытта боранды жел салдарынан көріну қашықтығы нашарлап, «Жезқазған — Петропавл» автожолының 954-шақырымында «Volvo» жүк көлігі жолдан шығып кетті. Полицейлер басқа жүк көлігінің жүргізушісінен көмек сұрап, ол «Volvo» көлігін жол жиегінен шығарып алды. Осы кезде тәртіп сақшылары жолдың қарқынды бөлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Келесі күні шамамен 20 тонна техникалық май тасымалдап келе жатқан «MAN» жүк көлігінің жүргізушісіне көмек қажет болды. «Челябинск — Новосибирск» автожолында ол жол бойындағы дәмхананың жанында тоқтап, демалғаннан кейін орнынан қозғала алмай қалды: көліктің дөңгелектері көктайғақта айналып кеткен. Булаево аудан орталығының тұрғыны полицейлердің өтінішіне жауап беріп, «Урал» жүк көлігімен келді. Қуатты техника шетелдік жүк көлігінің жолға қайта шығуына көмектесті. Полицейлер жүргізушілерге көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылауда ұстауды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, сондай-ақ нашар көріну мен көктайғақ салдарынан туындауы мүмкін қиындықтарды ескеруді сұрайды.