2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Соның аясында камералдық бақылау жүргізудің тәртібі толық жаңартылды. Бұл өзгерістер салық салу жүйесін қарапайым, түсінікті және толық цифрлық форматқа көшіруге бағытталған. Енді салық төлеушілер өз есептеріндегі қателерді алдын ала түзетіп, міндеттемелерін ерікті түрде орындауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ жаңа механизмдер шағын бизнеске түсетін жүктемені азайтып, қолжетімділікті арттыруға жол ашты.
Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметтің негізгі бағыттарының бірі камералдық бақылау болып табылады. Бұған дейін камералдық бақылау салық есептеріндегі тек сәйкессіздіктерді анықтау мақсатында қолданылса, 2026 жылдан бастап оның мәні түбегейлі өзгерді. Жаңа жүйе автоматтандырылған талдауға негізделіп, салық төлеушінің есептерін алдын ала тексеріп, қажет болған жағдайда дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін әділ әрі заманауи бақылау форматына айналды.
СНХ: ЗӘМЗӘГҮЛ ТӨЛЕБАЕВА, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КАМЕРАЛДЫҚ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жаңа Кодекс камералдық бақылауды толық автоматтандыруды қарастырған. Енді салық органдары салық төлеушінің орналасқан жеріне бармай-ақ, барлық есеп пен ақпаратты электронды жүйе арқылы қашықтан қарайды. Мұндай тәсіл адами факторды азайтып, процесс жылдамдығын арттырады және салық төлеуші мен мемлекеттік орган арасындағы өзара әрекеттестікті барынша ашық етеді. Бұл елде жүргізіліп жатқан цифрландыру саясатының маңызды нәтижелерінің бірі.
СНХ: ЗӘМЗӘГҮЛ ТӨЛЕБАЕВА,СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КАМЕРАЛДЫҚ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Мамандар салық төлеушілерге кез келген теріс салдардың алдын алу үшін салық міндеттемелерін дер кезінде орындап, есептілікті дұрыс жүргізудің маңыздылығын ескертеді. Камералдық бақылауға қатысты сұрақтары бар азаматтар мен кәсіпкерлер 36-60-01 нөміріне хабарласа алады. Жаңа тәртіп салық жүйесін ашық, әділ және барынша қолжетімді етуге бағытталған.