Бұл іс-шара Назарбаев Зияткерлік мектебінде осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын хакатонға осы жолы 9–12 сыныптар санатында 50 шақты команда қатысты. Командалар аталған қосымшалардың прототиптерін жасап, жобаның функционалын, бизнес-логикасын ойластырып, өз шешімдерін сарапшылар алқасына таныстырды.
Оқушылар 16 сағат бойы су тасқынын бақылау жүйесі, мектептің цифрлық маршруттары, экология, қала тұрғындарына арналған бірыңғай қосымша және болашақтың энергия тиімді мектебі бағыттары бойынша жобалар әзірледі. Қатысушылар өз жобаларының прототиптерін жасап, оларды қазылар алқасының алдында қорғап, таныстырды. Байқау нәтижесі бойынша үшінші орынды «Ctrl+Win» командасы иеленді, екінші орын «Eclipse» командасына бұйырды, ал жеңімпаз атанған — «Унзиля» командасы. Мектепшілік кезеңнің үздік жобалары желілік хакатонда мектеп намысын қорғайды.
СНХР: ӘДІЛБЕК ЕСМАҒҰЛОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ