Жамбыл ауданында көрнекті қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың есімі ұмыт қалмай, оның рухани мұрасы дәріптеліп келеді. Жазушының туған жерінде орналасқан музей үйінде классиктің жеке заттары мен қолжазбалары мұқият сақталған. Музей қызметкерлері келушілерді жазушының шығармашылық мұрасымен таныстырып қана қоймай, тарихи жадыны сақтаудың маңызын да атап өтеді. Бұл тақырып алдағы жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін референдум аясында да өзекті болып отыр.


Жамбыл ауданында жазушы Сәбит Мұқановтың туған жерінде орналасқан музей үйі бар. Бұл – қарағай бөренелерінен салынған, жалпы аумағы шамамен 180 шаршы метр болатын бір қабатты ағаш ғимарат. Үй ішінде бес бөлме орналасқан: жатын бөлме, қонақ бөлме, зал, ас үй және кіреберіс. Экспозиция жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы сыр шертеді, сондай-ақ келушілерді қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігімен таныстырады.


СНХР: ӘЛИЯ СӘРСЕКОВА, С. МҰҚАНОВ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ


Әлия Сәрсекова бұл музейде 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Оның айтуынша, мәдени мұраны сақтау мәселесі бүгінгі таңда ерекше маңызға ие. Әсіресе, жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша алдағы референдум аясында бұл тақырыптың өзектілігі арта түседі. Құжаттың 40-бабында қоғамның елдің тарихи және мәдени мұрасын сақтаудағы жауапкершілігі бекітілген.


СНХР: ӘЛИЯ СӘРСЕКОВА – С. МҰҚАНОВ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ


Мұраны сақтау – бұл тарихи және мәдени ескерткіштерге құрметпен қарау, музейлік және реставрациялық бастамаларды қолдау, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді келер ұрпаққа жеткізу деген сөз. Ал, жаңа Конституция жобасы осы жауапкершілікті Негізгі заң деңгейінде бекітеді.