Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев келді. Оқушылар сарайында мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктер өкілдері, белсенді жастар мен кәсіпорын еңбек ұжымдарымен бірге кездесу өткізді. Жиында жаңа Конституция жобасы мен нормаларды іске асыру тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз қозғалды.
Жаңа Конституциялық жобаның негізгі мақсаты – ел тәуелсіздігін нығайтып, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту. Осыған байланысты құжатта «Заң мен тәртіп» қағидатына айрықша мән берілген. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қоғамның тұрақты әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету мәселелері де басты назарға алынған. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев конституциялық жобаны жүзеге асыру елдің орнықты дамуын қамтамасыз ететін және Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті.
СНХ: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар мемлекеттің стратегиялық маңызды басымдықтары ретінде айқындалған. Бұл бағыттар қоғамның жан-жақты дамуына негіз болып, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға жол ашады.
СНХ: АЙГҮЛ НҮРПЕЙІСОВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ БАСҚАРМА МҮШЕСІ
Ұсынылған жобада табиғатты қорғау мен оны аялау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Яғни, қоршаған ортаны сақтау, табиғи байлықтарды ұқыпты пайдалану және ұлттың экологиялық жауапкершілігін арттыру басты назарға алынған. Бай табиғаты бар Солтүстік Қазақстан облысы үшін бұл басымдық маңызы зор. Осы орайда, өңірдің Құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменов солтүстікқазақстандықтарды еліміз үшін маңызды оқиға саналатын рефендумға бір адамдай болып қатысуға шақырады.
СНХ: ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Еске сала кетейік, жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдум 15 наурыз күні өтеді. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлының айтуынша, бұл күн елдің болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды шешім қабылданатын тарихи сәт болмақ.