15 наурыз Конституцияның жаңа жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Саяси маңызды науқан қарсаңында Ата заңның жаңа редекциясын талқылау жұмыстары ода әрі жалғасуды. Өңір жетекшісі "Севказэнерго" АҚ ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасындағы басты баптарға тоқталып талқылады.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл екінші жылу электр орталығында болды. Мұнда "Севказэнерго" АҚ ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Қазіргі таңда "Севказэнерго" АҚ-да 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Олар 160 мыңнан астам тұтынушыны жылу және электр қуатымен қамтамасыз етіп отыр. Облыс әкімі ұжымды 15-ші наурыз күні өтетін жалпыхалықтық референдумға біркісідей қатысуға шақырды. Себебі, әр қазақстандықтың дауысы аса маңызды саналады. Аяулым Мақанованың кәсіпорында еңбек етіп жүргеніне жарты жылдай болыпты. Нәзікжанды жаңа Конституцияда отбасы құндылықтарына ерекше мән берілгеніне дән риза.
СНХ: АЯУЛЫМ МАҚАНОВА, "Севказэнерго" АҚ инженері