80 жасында Қазақстан Республикасының халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Людмила Николаевна Турпаян-Ванюкова өмірден озды. Ол — талантты актриса ғана емес, адамгершілігі мол тұлға еді. Бүгін біз оның өмір жолы мен талантының куәсі болған, телеарнамыздың архивінде сақталған шығармашылық сәттермен бөліспекпіз.
Оның әрбір рөлі — жаңалық. Әр спектаклі — көрермен үшін мереке. Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының примасы сахнаға 40 жылдан астам ғұмырын арнап, 150-ден астам рөлді сомдады.
Ол жастармен жұмыс істеуді ерекше жақсы көретін. Бұл тек өмірлік тәжірибені бөлісу ғана емес, жаңа ізденістерге жол ашатын шығармашылық байланыс еді. Режиссер Тимур Каримжановпен де үлкен ынтамен еңбек етті. Олардың соңғы бірлескен жұмыстарының бірі – «Ертеңгі күнге орын бер» спектаклі.
СНХР: ЛЮДМИЛА ВАНЮКОВА – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ
Людмила Николаевнаның жарқын бейнесі мен өнері шәкірттері, әріптестері және актрисаның жанкүйерлерінің жүрегінде мәңгі сақталады.