Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жаңа Конституция жобасы әзірленіп, оны бүкілхалықтық референдумға шығару туралы шешім қабылданды. Бұл қадам еліміздегі демократиялық үдерістерді тереңдетіп, азаматтардың басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтетін маңызды бастама. Өңірге жұмыс сапарымен келген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев солтүстікқазақстандық жастармен жаңа конституцияның жобасын талқылады.


Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция жобасының негізгі нормаларына тоқталып, оның ел дамуындағы маңызы зор екендігін сөзге тиек етті. Оның айтуынша, құжат еліміздің болашақ бағытын айқындайтын стратегиялық негіз болып табылады.


СНХ: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Құжат мемлекеттік билік жүйесінің болашақ келбетін белгілейді. Әшімбаевтың айтуынша, жаңа Конституцияда биліктің ашық, бәсекелі, тиімді әрі халыққа жақын болуы қажеттігі нақты жазылған. Сондай-ақ, Конституция жобасы жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік беруге бағытталған. Жастарды қоғамдық және саяси өмірге қатысуға шақырады және елдің стратегиялық дамуындағы рөлін айқындайды. Осы тұрғыда студенттер өз пікірлерін білдірді.


СНХ: ӘМІР АҒЗАМОВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ СТУДЕНТІ


СНХ: АСАНӘЛІ ЖАНАТҰЛЫ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ


Сенат төрағасы сыбайлас жемқорлықпен күрес те негізгі міндеттердің бірі ретінде көрініс тапқанын атап өтті. Жемқорлықтың ұсақ түрінен бастап, ірі көлемдегі көріністеріне дейін түбегейлі жою басты мақсат», - деді Әшімбаев. Сөз соңында ол жаңа Конституция жобасы елдің алдағы даму жолын айқындайтын тарихи құжат екенін атап өтті.