Петропавл қаласындағы Жастар сарайында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкер әйелдері құрметке бөленді. Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды.


Бүгінде өңірдегі азаматтық қорғау бөлімшелерінде жүзге жуық әйел қызмет атқарады. Олар өрт сөндіру бөлімдерінде, диспетчерлік қызметте және өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында жұмыс істейді. Келе жатқан мерекемен сала қызметкерлерін Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Нүкішев құттықтады. Ол әйелдердің қызметтегі күрделі әрі жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, сонымен қатар отбасының ұйытқысы болып отырғанын атап өтті.

аударма


СНХ: НҰРЛАН НҮКІШЕВ – СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ


Сонымен қатар, іс-шарада ерекше көзге түскен қызметкер әйелдерге ведомстволық наградалар мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қоса, кейбір қызметкерлер Төтенше жағдайлар министрінің грамотасына ие болды.

аударма


СНХ: ҒАЛИЯ САҒАНДЫҚОВА – СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ


Қызметкер әйелдердің арасында осы салаға өмірінің ондаған жылын арнағандар да бар. Солардың бірі – Петропавл қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі Дарина Оразаева.


СНХ: ДАРИНА ОРАЗАЕВА – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ №2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ РАДИОТЕЛЕФОНИСІ


Бүгінде төтенше жағдайлар жүйесінде әйелдер ер азаматтармен қатар қызмет атқарып, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып келеді.