Қазақстанда жаңа Конституция жобасында елдің дамуы білім, ғылым, мәдениет және инновацияға сүйенетіні айтылды. Құжатта мемлекет азаматтардың білімі мен зияткерлік әлеуетін дамытуға басымдық беретіні көрсетілген. Сарапшылардың айтуынша, бұл қадам елдің тұрақты болашағын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа Конституция жобасында Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі мен дамуы азаматтардың үлесіне байланысты екені атап өтілген. Яғни, елдің болашағы адамдардың біліміне, ғылыми жетістіктеріне және қоғамның шығармашылық күшіне тәуелді болады. Құжатта алғаш рет білім сапасы, ғылымның дамуы және мәдени орта ұлттық дамудың басты басымдықтары ретінде көрсетілген. Тимирязев қазақ мектеп-интернаты директорының міндетін атқарушы Бүркіт Сүлейменов алдағы референдумның маңызын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасы білім, ғылым және мәдениеттің ел дамуыдағы рөлін күшейтуге бағытталған.
СНХ: БҮРКІТ СҮЛЕЙМЕНОВ, ТИМИРЯЗЕВ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ