Милан-Кортина қысқы Паралимпиада ойындарында пара шаңғы жарысынан жерлесіміз Ербол Хамитов 1500 м классикалық спринт дисциплинасын (LW12) 2 минут 29 секунд уақытта өтіп, қола медальге ие болды. Еске салайық, Италияның Верона қаласында XIV қысқы Паралимпиада ойындары өтіп жатыр. Милан–Кортина-2026 Паралимпиадасына әлемнің 56 елінен 600-ден астам спортшы қатысуда. Пара биатлон және пара шаңғы жарысынан ел намысын Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев және Юрий Березин қорғап жатыр.