Әдетте, әскери салада әлсіздерге орын жоқ. Мұнда тек, темірдей тәртіпке төзгендер ғана тер төгеді. Қазір еліміздің қорғаныс саласында ерлермен қатар, 13 мыңдай қыз-келіншек қызмет атқарады. ((КСМ)) Олардың шамамен 400-і – аға офицер, ал, 5000-нан астамы сержанттар мен қатардағы әскери қызметші. Бүгін қорғаныс министрлігінде ел тыныштығын қорыған, антына адалдық танытқан арулар мен сала ардагерлерінің құрметіне салтанатты жиын өтті. Мереке мезіретінде жыл бедерінде жемісті жұмыс атқарып, кәсібилік көрсеткен қыз-келіншектер марапат мінберіне көтерілді. Сондай-ақ, бірқатар қызметкер мерзімінен бұрын әскери атаққа ие болды.


СНХ: МАРАЛ ҚАЙЫРБЕКОВА – 65229 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ АҒА ТЕХНИГІ