«Ұлттық қор – балаларға» аударымдары еgov-та көрінбей қалды. Әлеуметтік желіде тұрғындар осыны айтып, не істеу керегін сұрап жатыр. Бірыңғай жинақтаушы қорының мәліметінше, аударымдарды бұрынғыдай еговтен табуға болады. Тек жолы өзгерген. (( КЕСТЕ )) Енді «цифрлық құжаттар» бөліміндегі «отбасы» батырмасына басу керек. Сосын «құжаттар тізімін жаңарту», «Ұлттық қордан есептеулер» бөліміне өтесіз. Аударым туралы ақпарды екінші деңгейлі банктердің қосымшаларынан да көруге болады.