Петропавлдағы Мансап орталығында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған депутат Евгений Кинцельмен кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар жаңа заң жобасының негізгі тұстарын талқылап, өз құқықтары мен міндеттері туралы ой бөлісті, сондай-ақ ұсыныстарын білдірді.

Облыстық мәслихат депутаты әрбір азамат 15 наурызда өтетін референдумда өз ұстанымын білдіре алатынын, бұл әрекет Қазақстандағы жаңа билік жүйесінің қалыптасуына, қоғамдық институттардың дамуына және елдің болашақ саяси құрылымына нақты әсер ететінін атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар сұрақтар қойып, заң жобасының маңызы мен ел үшін ықпалы жөнінде толық ақпарат алды.

ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ