Солтүстік Қазақстан облысында тарихи туынды «Ботай. Ғайып ғалам» атты фильмінің түсірілімі басталды. Туындының режиссері – Андрей Авдеев. Картина шамамен 6 мың жыл бұрынғы жабайы жылқыны қолға үйреткен Ботай мәдениетіне арналады. Бүгін аталмыш фильмнің тәрелке сындыру рәсімі өтті.
«Ботай. Ғайып ғалам» жобасы - жай ғана деректі фильм емес, тарихи деректер мен көркем шешімді ұштастырған шытырман оқиғалы экшн туынды. Фильм Ботай қонысының әлемде жылқыны алғаш қолға үйреткен бірегей орталық ретіндегі маңызын әсерлі оқиға арқылы көркем түрде дәлелдеуді мақсат етеді.
АНДРЕЙ АВДЕЕВ, РЕЖИССЕР
Еске сала кетейік, өткен жылы Петропавл қаласында осы киножобаға кастингтер өткізілді. Сонымен қатар түсірілім жұмыстарының бір бөлігі Айыртау ауданында жүзеге асырылды.
АИДА ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, АКТРИСА
Фильмді түсіру жұмыстарына жүзге жуық маман жұмылдырылған. Түсірілім тобы көне Ботай дәуірінің болмысын экранда нанымды көрсету үшін орын таңдаудан бастап, киім үлгілері мен қажетті бұйымдарға дейін асқан жауапкершілікпен қарап, тарихи атмосфераны дәл жеткізуге күш салуда.
ҚҰРМАНБЕК ЖҰМАҒАЛИ, «ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Картинаның премьерасы биылғы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр. Қазіргі таңда түсірілім тобы дайындық жұмыстарын аяқтап, фильмді көрермен үшін тартымды да әсерлі етіп шығару бағытында қызу жұмыс жүргізіп жатыр.