Уәлиханов ауданында тұрғындар алдағы референдумға қатысты өз пікірлерін білдіруде. Олардың айтуынша, жаңа Конституция – ел дамуының келесі кезеңіне бастайтын маңызды қадам. Халық бұл жаңа жобаны болашаққа бағытталған, қоғамның тұрақтылығы мен әділеттілігін нығайтатын бастама деп бағалайды.
Жаңа Конституция жобасында білім саласына ерекше мән берілген. Бұл тек саяси құжат қана емес, халықтың дамуына оң әсер ететін нақты қадамдардан тұратын маңызды бастама. Жаңа Ата заң жобасына сәйкес, әр азаматтың құқықтары мен мүмкіндіктері кеңейіп, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жол ашылады. Сондықтан бұл өзгерістер қоғам өмірінде де, білім беру кеңістігінде де маңызды рөл атқарады.
КҮЛӘШ ЕГІМБАЕВА, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ