Еліміздің жаңа Негізгі заңының жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды жан-жақты талдау нәтижесінде әзірленді. Құжат ашық қоғамдық талқылаулардан өтіп, жаңа нормалар мен ережелер мұқият пысықталды.

Негізгі заңға енгізілетін өзгерістер – уақыт талабы. Тимирязев ауданының ардагері әрі аудандық мәслихат депутаты жаңа Конституция жобасымен танысып, оны қолдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, референдум – халықтың тікелей ерік-жігерін білдіретін жоғары демократиялық институт. Сондықтан әр азамат өз азаматтық ұстанымын танытуы қажет. Бұл пікірді Тимирязев аудандық мәслихатының депутаты Сабыр Мұстафин білдірді.

САБЫР МҰСТАФИН, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ