Айыртау ауданының Лобаново ауылында дәстүрлі «AlmaU - ZEINEP кубогы» шаңғы турнирі ұйымдастырылды. Биылғы жарыс өз тарихында алғаш рет командалық форматта өтіп, бәсекенің жаңа деңгейін көрсетті. Сондай-ақ, бұған дейін «Мусин – Иванов шаңғы жарысы» атауымен белгілі болған турнир биыл жаңа атаумен «Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжінің базасында үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
Іс-шара өңірдің спорттық күнтізбесіндегі маңызды оқиғалардың біріне айналды. Жаңартылған кәсіби формат биылғы турнирге ерекше серпін беріп, еліміздің әр аймағынан келген 150-ден астам спортшының басын қосты. Жарыстың ұйымдастырушылары AlmaU және «Зейнеп» колледжі. Олардың бірлескен бастамасы өңірде бұқаралық спортты қолдауды, спорттық жобаларды дамытуды және білім беру мен әлеуметтік жауапкершілікті байланыстыруды көздейді.
АСЫЛБЕК ҚОЖАХМЕТОВ, ALMATY MANAGEMENT UNIVERSITY ПРЕЗИДЕНТІ
Доданың Айыртау ауданы Лобанова ауылында өткені бекер емес. Бұл елді мекен Солтүстік Қазақстандағы шаңғы спортының қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Аудан әкімі Мейрам Меңдыбаев іс-шараға қатысып ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Жарысқа 300-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында тәжірибелі спортшылар да, алғаш рет бағын сынаған әуесқойлар да болды. Биылғы жарыста жеңімпаздарға кубок пен ақшалай сыйақы табысталды. Жалпы спортшылар 3 шақырым қашықтықты айналып өту керек болды. Ольга Вернер Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан қатысып командамен 8 минуттың ішінде мәреге бірінші жетіп, жеңімпаз атанды.
ОЛЬГА ВЕРНЕР, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ
«Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжі 2002 жылы ашылған. 2021 жылы жұмысы тоқтап, 2022 жылы Almaty Management University-дің негізін қалаған Асылбек Қожахметов колледжді қалпына келтірген. Бүгінде оқу орнында 524 студент оқып жатыр.