Өңірде жаңа Конституция жобасына қатысты түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Кездесулер жастармен, педагогтермен, медицина қызметкерлерімен және түрлі кәсіпорын ұжымдарымен өтуде. Осындай кезекті кездесу «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның ЖЭО-2 қызметкерлерімен де өтті.
Кездесу барысында кәсіпорын ұжымына Конституцияның жаңа жобасы кеңінен таныстырылды. Қызметкерлер диалогқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Ең көп талқыланған тақырыптардың бірі – тегін білім беру мен медициналық көмектің кепілдіктері болды. Сондай-ақ цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
АРМАН БЕРДАҒҰЛОВ – ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ станциясы 65 жылдан астам уақыт бойы өңірді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде акционерлік қоғам құрамындағы барлық құрылымдық бөлімшелерді қоса алғанда, кәсіпорында шамамен екі мыңға жуық адам еңбек етеді.
НЕЛЛИ КИМ – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ПЕРСОНАЛМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Жаңа Конституция жобасын түсіндіру кездесуіне шамамен 80 адам қатысты.