Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілі бойынша облыстық Spelling Bee байқауы өтті. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысының ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығы, Петропавл қаласындағы NIS және әдістемелік орталық бірлесіп ұйымдастырды.

Байқауға өңірдегі жалпы білім беретін мектептердің 8–11 сыныптарынан 34 оқушы қатысып, бірыңғай санат бойынша бақ сынады. Облыс мектептерінде Spelling Bee байқауы осымен үшінші жыл өткізіліп келеді. Байқау екі кезеңнен тұрды. Оқушылар диктант жазып, сөздерді әріптеп айтты. Ұйымдастырушылар болашақта облыс оқушылары өңір намысын республикалық деңгейде де қорғайды деген үмітте.

АЛЕКСАНДРА ИЛЬИНА, СҚО АТЕNК ПРЕЗИДЕНТІ