Елімізде 15 наурыз жалпыхалықтық референдум өтеді. Онда мемлекетіміздің негізгі заңы – Конституцияға енгізілетін түзетулер дауысқа салынады. Маңызды саяси науқанға Тимирязев ауданында дайындық қалай жүріп жатыр?
Римма Дайырова – білім саласында 25 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаз. Ол Тимирязев қазақ мектеп-интернатында музыка пәнінен сабақ береді және аудандық мәслихаттың депутаты. Ұстаздың айтуынша, педагог үшін басты міндет тек білім беру емес, сонымен қатар балалардың бойына өнерге сүйіспеншілік, ұлттық дәстүрге құрмет және өз күшіне деген сенім қалыптастыру.
РИММА ДАЙЫРОВА, ТИМИРЯЗЕВ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Ұстаздың пікірінше, жаңа Конституция жобасы зайырлы білім беру қағидаттарын нығайтып, білім беру ортасының бейтараптығын сақтауға және идеологиялық қысым тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
РИММА ДАЙЫРОВА, ТИМИРЯЗЕВ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Ұсынылып отырған өзгерістер білім беру жүйесін дамытудың конституциялық негіздерін нақтылап, қоғамдағы педагог рөлін одан әрі нығайтуға бағытталған.