Қазақстан Газа секторындағы ахуалды тұрақтандырып, аймақты қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын. Бұл туралы Вашинктонда өткен бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады. Одан бөлек, бес жыл бойы палестиналық студенттер үшін 500-ден аса оқу гранты бөлінбек. Цифрлық тәжірибелерді бөлісіп, Әскер үйлестіру орталығына бақылаушылар жіберуге даяр. 

Президент алдымен алғашқы отырысы өткен кеңес жұмысының маңызына тоқталды. Бұл көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын заман талабына сай ұйым, - деді мемлекет басшысы. Одан соң жаһанды алаңдатып отырған газа секторындағы ахуалды тұрақтандыруға Қазақстан да қатысатынын мәлімдеді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Бұдан бөлек, Қазақстан Халықаралық тұрақтандыру күштерін қолдауға әзір. Яғни далалық госпиталь құру үшін бір топ медицина маманын, сондай-ақ Азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушылар жіберуге даяр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал, Таяу Шығыстағы орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін аймақта бейбітшілік пен ынтымақтастықты, өзара сенімді нығайтуды көздейтін жаңа тәсілдер қажет.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Кеңестің жаһандық күн тәртібін ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда түрлі деңгейдегі кездесулер өткізу арқылы бұл бастамаға нақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады. Ақс сарапшылары мұндай бастамаларды жоғары бағалап отыр.

ЭНДРЮ ДАННЕРИ, ATLANTIC ҰЙЫМЫ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жоғары деңгейдегі іс-шара барысында Бейбітшілік кеңесінің атқарушы органдарының мүшелері баяндама жасады. Дональд ТрампБейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысушыларға шынайы ризашылығын білдірді.