Елімізде ақпан айы – өтеусіз қан донорлығы айы болып жарияланды. Бұл бастама ерікті, өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілік, өзара көмек және гуманизм құндылықтарын нығайтуға бағытталған. Осы орайда, Петропавлда медицина саласының мамандары мен құрметті донорлар қап тапсырып, игі іс-шараға қатысты.

Ең алдымен, қан тапсыруға келгендер мұқият медициналық тексерістен өтті. Олардың бойы мен салмақ көрсеткіштері, қан қысымы өлшеніп, гемоглобин деңгейі тексерілді. Бұл қан тапсыру алдындағы аса маңызды дайындық. Кейін тексерістен сәтті өткендер қан тапсырды.

МАМАДИЯР БАЙҒҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Мамандардың айтуынша, осындай дәстүрлі іс-шаралар науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін аса маңызды. Донорлардың арқасында қан қорлары уақытылы толықтырылып, күрделі операциялар мен емдеу шаралары үшін қажетті қор қамтамасыз етіледі.

СӘКЕН ӘМРИН,СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Облыс бойынша жүйелі түрде қан тапсырып жүрген 38 құрметті донор бар. Яғни олар 40 рет және одан да көп қан тапсырған белсенді азаматтар. Бұл көрсеткіш олардың қайырымдылыққа тұрақты бейім екенін және адам өмірін сақтауда ерекше рөл атқаратынын айқындайды.

ЕВГЕНИЯ ЗАХАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕР-ТЕРАПЕВІ

Айта кетейік, өткен жылы өңірімізде 6 500 адам қан тапсырған.