Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Әкім қабылдауына Қызылжар ауданынан келген Надежда Кульман Ташкентка ауылында медициналық-акушерлік пукт нысанын салу, аталған ауылдан облыс орталығына қатынайтын қоғамдық көлік мәселесін шешуді өтінді. Ғауез Торсанұлы бұл мәселелер төңірегінде тиісті сала басшыларының жауабын тыңдап, мәселенің алдағы уақытты шешілетіндігі айқындалды.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Ең бірінші болып аймақ басшысының қабылдауына Надежда Кульман келді. Қызылжар ауданы тұрғынының өңір жетекшісіне қоятын бірнеше сауалы бар. Солардың бірі - өзі тұрып жатқан елді мекенде фельдшерлік-акушерлік пункт салу. Азаматшаның айтуынша, 200-ден астам тұрғыны бар Ташкентка ауылына медициналық нысан ауадай қажет.
НАДЕЖДА КУЛЬМАН, Ташкентка ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы
Кейін Надежда Кульман Ташкентка ауылынан Петропавлға қатынайтын қоғамдық көлік мәселесі жайын да сөз етті.
НАДЕЖДА КУЛЬМАН, Ташкентка ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы
Бұл мәселе бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ерден Шортыбаев хабардар екенін жеткізді әрі оның жақын арада шешілетінін айтты.
ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Надежда Кульман өз сұрақтарына мардымды жауап алғаннан кейін, облыс әкіміне алғысын білдіріп, берілген уәделердің орындалатынына сенім білдіретінін жеткізді. Бұдан соң Ғауез Торсанұлының қабылдауына Аққайың ауданының орталығы Смирново ауылының екі тұрғыны болды. Олардың үйлеріне "Ертегі" мен "Темирхан KZ" серіктестіктерінің өндірістік нысандары тым жақын орналасқан көрінеді. Аталмыш мәселені шешуді Ғауез Торсанұлы Аққайың ауданының әкімі Жанар Құсайынға тапсырды.