Жаңа Конституция жобасында халық денсаулығы стратегиялық басымдық ретінде белгіленген. Құжатта азаматтардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алу құқығы нақты айқындалып, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған құқықтық тетіктер күшейтіледі.
Ұсынылған Конституция жобасының 32-бабында денсаулық сақтау мәселелері ерекше назарға алынған. Жоба аясында сапалы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру, профилактикаға басымдық беру және медициналық қызметтің әділ әрі тең түрде көрсетілуі басты бағыттардың бірі болып отыр. Бұл — дәрігерлер үшін де, пациенттер үшін де үлкен жауапкершілік пен сенім.
НҰРЖАН ТАҒАНИЯЗОВ, «АЙЫРТАУ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» ШЖҚ КМК