Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеті бөлімінде «Ғасыр ұлылығы және мәңгілік мұра» атты кітап көрмесі өтті. Тағылымды іс-шара қазақтың әйгілі опера және эстрада әншісі, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналды. 

Көрме мультимедиялық форматта ұйымдастырылған. Мұнда архивтік құжаттар, сирек фотосуреттер мен тарихи материалдар қойылып, әнші туралы деректі фильм көрсетілді. Келушілер сондай-ақ Ермек Серкебаевтың орындауындағы опера ариялары мен музыкалық шығармаларды тыңдау мүмкіндігіне ие болды.

ГҮЛНАР АҚЖІГІТОВА, СӘБИТ МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ӨНЕР ӘДЕБИЕТІ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Ермек Серкебаев – қазақ өнерінің алтын қорына енген бірегей тұлға. Оның шығармашылық мұрасы ұлттық мәдениеттің баға жетпес қазынасы.

РОЗА ЖҮНІСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Ұлы баритонның ғасырлық мерейтойына арналған көрме келушілерге рухани әсер сыйлап, өнерге деген құрметті арттыра түсті.