Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдап, авиация саласын дамыту мәселелері талқылады. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды. Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.