Еліміздің негізгі құндылықтары жаңа Конституциялық жобада нақты көрсетілді. Преамбулада Қазақстанның унитарлық мемлекет екені, шекарасының мызғымайтыны және аумақтық тұтастығы сақталатыны айқын жазылған. Бұл қағидаттар елдің тәуелсіздігін, қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Құжатта «Әділетті Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» ұстанымдарына ерекше мән берілген. Адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы атап өтіледі. Сонымен қатар этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау, білім мен ғылымды дамыту, инновацияға қолдау көрсету, экологияны қорғау және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік негізгі бағыттардың бірі ретінде көрсетілген. Сондай-ақ халық биліктің қайнар көзі ғана емес, егемендіктің жалғыз иесі екені нақты бекітілген.
ЗӘУРЕ ҮМБЕТОВА, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ КІТАПХАНАШЫСЫ