Жаңа Конституция жобасына ұсынылып отырған өзгерістер әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар адамды мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындап, оның рөлін күшейтуді көздейді.

Құжат қолданыстағы Негізгі заңмен сабақтастықты сақтай отырып, қоғамның даму сұраныстарына жауап береді. Жоба адамды басты орынға қойып, Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға және мемлекеттің прогрессивті дамуына жаңа бағдар беруге бағытталған. Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері бұл реформалардың уақыт талабынан туындағанын айтып, экономикалық өсімге тың мүмкіндіктер ашатынын атап өтуде.

АЛЕКСАНДР БЕБЕШКО, «ИЗОЛИТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ